Опера жұлдызы Зарина Алтынбаева жас рэперлермен ортақ трек жазуды армандап жүр! Өнер иесіне мұндай ой кезекті концерттердің бірінде атышулы «Парфюмермен» ән салған соң келсе керек.
Зарина Алтынбаева, опера әншісі:
- Болашақта «Парфюмер» сынды орындаушымен неліктен дуэт жазбасқа. Өз басым, жаңашылдыққа жаным құмар. Мен үшін музыкалық, шығармашылық жаңалықтарды аша білу маңызды.
Жаңа буын өкілдерінің де музыка майталмандарымен дуэт жазуға әсте қарсылығы жоқ! Мәселен, «MadMen» - тар үшін Ұлықпан Жолдасовпен бір сахнадан табылу үлкен құрмет.
«MadMen» тобы:
- Мен кішкентай кезімнен жалпы, өз басымды айта салайын, Лұқпан ағамыздың әндерін тыңдайтынмын, бейнебаяндарын көріп, жалпы шығармашылығын бақылап жүретінмін. Сол ағамызбен жазғым келген.
«EQ»-лықтар да аға буынмен тандем құруға білек сыбана кіріскен.
«EQ» тобы:
- Қазақстан эстрадасынан мен Айдана Меденовамен, о как раз айтып жатыр. Шығып кетеміз бе сахнаға бірден? Айдана Меденова, более молодежный, өлеңдері де біздің форматқа жақын, дауысы да күшті, өзі де көңіл-күйде жүреді.
Айдана Меденова, әнші:
- Бәрін сөйлесейік, көрейік. Болады, мүмкін болар. Просто менің дуэттерім қазір көп дуэт болып кетті де, қазір орталарында уақыт өту керек сияқты.
Қос тараптың ортақ дүниесін әлі біраз тоса тұруға тура келсе, Мадина жаңа есімдерді өз тыңдармандарына таныстыруды бастап кетті.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Дәл қазір енді шығып келе жатқан әлі есімі ешкімге белгілі емес, өте бір стильді, қазақтың Джастин Тимберлейгі деп айтып жүр, өзім де бірінші көргенде соған ұқсаттым. Екеуіміз бірігіп бір кермет дүние жасайын деп жатырмыз.