Әл-Фараби даңғылымен темір тұлпарын теріс бағытта айдап, елді шулатқан Назар Роллан бүгінде ес тоқтатқандай! 21-ге жаңа толған бозбала, бұл есерсоқтық әлеуметтік желіде фолловер санын көбейтудің тәсілі еді дейді. Жеті күн тар қапаста отырып, құрбандыққа бару да оқырман жинаудың жанында түк емес.
Назар Роллан, блогер:
- Алғашында көпшілік мені сынайтын. Бірақ осы хайпты ұстағаннан кейін, түсінгендер де болды. Себебі мен видеоблогер болғым келді. Танылудың жолын осылайша таптым.
Атышулы оқиғадан кейін, Назар діттегеніне жетті. Видеоблогердің хикаясы, тіпті «Байдың баласы» атты су жаңа фильмге арқау болды.
Назар Роллан, блогер:
- Фильмнің сценарийі менің өмірімнен алынған десем де болады. Себебі мен – сол Назармын, өз-өзімді сомдаймын.
Ал, режиссер болса, керісінше, Назардың бұл хайпы картинасының алдын-ала жарнамасы үшін арнайы ойластырылған пиар-қадам, - дейді.
Тұрсын Құлахметов, режиссер:
- Бұл хайпты мен фильм үшін ойлап тапқанмын! Мәдениет және спорт министрі болып тұрғанда, Арыстанбек Мұхамедиұлы осы сюжет желісімен картина таспалауың қажет деген міндет қойды. Тіпті, назардан тыс қалдырсаң режиссерлігіңе сын дегенді айтты.
Назармен бірге тың туындыда бас кейіпкерді Рамазан Рамбердиев сомдайды. Ғаламтор жұлдызына айналған қос серінің таныстығы, түңгі клубтардың біріндегі кикілжіңнен басталған еді.
Алайда бұл оқиға да хайп болып шықты.
Рамазан Рамбердиев, пранкер:
- Ол маркетинговый ход болған негізі. Біз Назармен доспыз, оның алдында да дос болғанбыз. Сол жай ғана бізге танысу легендасын жасау үшін ғана керек болды.
Лезде танылған Рамазан, халықты арбауына түсіретін пранкер YouTube арқылы пайда табатын серінің бір жарнамасының құны – 750 долларды құрайды.
Рамазан Рамбердиев, пранкер:
Как говорится, новое явление в пранке. Өйткені, вайндарды қазір қарасаңыз бәрі, бір қалыпты «стабильно», халыққа сәл олар наскучили.
Сондай-ақ фильмге, ресейлік «Comedy club» шоуының жүргізушілері де ат салыспақ. Аталмыш картина, көрерменге қыркүйек айында жол тартады.