Oсыдан бірнеше жыл алдын жас депутат атанған Асылхан Төлепов, таяуда Алматыдағы дәстүрлі-өнер ошағында директордың орынбасары қызметіне тағайындалған-ды. Оған қоса, Ғабит Мүсірепов атындағы театрдағы қызметі тағы бар.
Асылхан Төлепов, актер:
- Адам үлгерем десе, барлығына үлгеруге болады ғой. Мен өзім бірнеше жылдан бері, бірнеше жерде жұмыс істеп жүрмін. Театрыма да үлгерем, кинома да үлгерем. Адам үлгерем десе, үлгереді. Ең бастысы өте аз ұйықтау керек. Сол кезде ғана адам жетістікке жетеді.
Бірнеше мансапты теңдей ұстаған жігіттің жұмыс кестесі өте тығыз! Төлепов басшылыққа бет бұрса да, актерлық қызметі – табыс көзі!
Асылхан Төлепов, актер:
- Менің басты жұмысым, басты нәпақамды тауып, отбасымды асырайтын жұмысым – театр мен кино! Ал басшылық жұмысқа енді-енді кірісіп жатырмын. Алла қаласа екеуін бірдей істеуге тырысатын боламын. Қазір түске дейін ана жұмыста, түстен кейін мына жұмыста болатындай қылып үлгеріп жатырмын.
Жастар театрында талантты актерға барлық мүмкіндік жасалған. Тек белгіленген уақыттан кешікпей келсе болғаны. Бұл өнер ошағының директоры Азамат Сатыбалдының сөзі.
Азамат Сатыбалды, актер:
-Мүмкіндігінше Асылхан барлығын үйлестіріп жүр. Ол жақта да жұмысын жасайды, біздің театрда актер. Біздің театрдың «геройы!» Сондықтан Асылхан болашақта бұдан да жоғарғы рөлдерді ойнайды деп ойлаймын. Асылханның болашағы жарқын!
Актерлардың жаппай жылы орынға жайғасуында үлкен мән жатса керек. Басшылықтан бас тартпайтын өнерпаздардың мақсаты – театр мәртебесін көтеру!
Азамат Сатыбалды, актер:
- Актер бүкіл театрды түсінеді. Театрды актер немесе режиссер басқару керек. өнер адамы басқару керек. Өйткені, актердың жанын тек қана актер ғана түсінеді.
Айтпақшы, Азаматтың да бастығы бар. Сатыбалды әкем театрдың штаттағы қызметкері. Аталған қара шаңырақтың директоры – Сәбит Әбдіхалықов.