Осы уақытқа дейін жеке өмірі жайлы жан баласына жақ ашпайтын Түнтеков, бұл жолы ағынан жарылды. Өйткені, өнерпаздың жанкүйерлеріне жеткізер жағымды жаңалығы бар. Отандық шоу-бизнестің сүрленген бойдағы сүйіктісін жолықтырыпты. Мейрамханалардың бірінде танысқан екі жастың махаббат хикаясы естелік суретке түсуден бастау алған.
Қайрат Түнтеков, әнші:
- Өтіп бара жатып, қасыма келді де: - «Сізбен суретке түсуге бола ма?» - деді. Бірінші бірақ орысша сөйледі. - Жарайды дедім. Сөйтіп ұнап қалды. Дейді өзі мынау «Любовь с первого взгляда!» Бір көргеннен ғашық болып қалдым! Өте жақсы қыз. Сұлу, сымбатты. Ақылды ең бастысы!
Иә, аздаған мерзім ішінде Қайрат қалыңдығының мінез-құлқы мен шынайы бет-бейнесін толықтай танып үлгерген секілді. Болашақ жұбайының жақсы қасиеттерін бірден жіпке тізіп бергеннен-ақ байқадық. Алайда, жылдар бойы сарыла күткен сұлуын сырт көздің сұқтануынан сақтағасы келеді.
Қайрат Түнтеков, әнші:
- Кейін мүмкін таныстыра жатармыз. Бірақ менің ойым өзімнің келіншегімді халыққа паш ету, таныстыру менің ұстанымымда жоқ. Мен былай өмір сүргім келеді. Ешкім білмей-ақ қойса екен деймін. Сондай өзімнің ойым бар.
33 жастан асқан Түнтеков бір тойының болатынын жақсы біледі. Бірақ дәл қай күні екенін дөп басып айта алмайды. Бойдақтыққа тұсау салынған сәтте, Қайрат дүйім жұрттан сүйінші сұрамақ!
Қайрат Түнтеков, әнші:
- Өнер адамы болғанан кейін кішкене жүре тұрайық, өйте тұрайық, бүйте тұрайық деп жүріп қалатын шығармыз мүмкін. Ондай болып тұрады ғой. Бірақ енді жоспарда бар Алла қаласа!