Таяуда актер Бауыржан Сатов әке, әнші Альбина Шардарова ана атанған-ды. Межелі мерзімнен бұрын дүниеге келген кестетігердің есімі – Жасмин. Бүгінде сәбидің денсаулығы көңіл қуантарлықтай. Ал, тұңғыш рет ата-ана мәртебесін енгшілеген ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ!
Бауыржан Сатов, актер:
- Білмеймін, әйтеуір бүр түрлі сезімдер болып жүр осы күндері. Қуаныш сезімі бар. Бірақ оны қалай жеткізерімді білмей жүрмін. Түсінбей жүрмін.
Альбина Шардарова, әнші:
- Әсер ерекше әрине. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы сезімді барша әйел адамдарына тілеймін.
Альбина Сатовтар әулетіне перзент сыйласа, Бауыржан да келіншегіне таяу күндері тосын-сыйын тарту етпекші.
Бауыржан Сатов, актер:
- Менің жасаған тосын-сыйым ұнайды деген ойдамын. Өйткені мен бірінші кезекте Альбинаны әрқашанда қолдап жүремін. Қандай бастамасы болса да қолдап жүремін. Сол себепті, біріншіден менің тосын-сыйым менің қолдауымның тағы бір түрі деп айтса болады.
Альбина Шардарова, әнші:
- Біздің ең басты сыйлығымыз сәбиіміз ғой. Одан асқан сыйлық жоқ деп ойлаймын.
Инабатты келін ененің де көңілін тапқан. Немерелі болған әженің Шардарова десе шығар жаны бөлек екені байқалады.
Гүлмира Кенжебекова, Б. Сатовтың анасы:
- Альбина – өте тамаша келін. Әрбір анаға сондай келін тілеймін. Себебі инабатты, менің жағдайымды жасап отырады. Алдымыздан кесе көлденең өтпейді.
Бүгін перзентханадан шыққан жас ананың ән әлемінен алшақтағысы жоқ. 40 күннен соң Шардарова шығармашылыққа қайта кіріспекші.
Альбина Шардарова, әнші:
- Негізі өнер адамдарында декрет деген жоқ қой. 40 күн күтініп, Алла қаласа жәймен жұмысқа кірісе беремін.