Отандық шоу-бизнесте жаңа жұп жұрт назарын аудармақ па? Екі жастың бас қосуына Алагөзованың әрекеті кері әсер еткені рас па? Баянның қос шәкірті құпиясын ашты!
Бұл 2015-ші жылы жасақталған «Кешьюдің» жаңа құрамы. Сезімге ерік берген Ақбота мен Жұлдыз жеке өмірдегі өзгеріске орай топтан кетсе, Балжанды жұрт батыл десті. Бірақ кезінде Бидаштың да жүрегін жаулауға ынтық жігіттердің санында шек болмаған екен. Әуелде әнші қызға ғашық болған серілердің бірі – Әсет Арыстанбек!
Әсет Арыстанбек, әнші:
-Жасырғым келмейді еш нәрсені. Иә, болды! Ол – әрине Балжан Бидаш! «Кешьюге» кірген кезде ол қызбен араласқым келді. Яғни, инстаграм желісінде: «Балжан, сәлем! Қалайсың?» деген кезде, маған жауап қайтарған болатын.
Балжан бұл жігіттен бірден бас тартпапты. Ғаламторда сәлемдескен қыз бен жігіт бетпе-бет кездесуге уағдаласады!
Әсет Арыстанбек, әнші:
-Балжан өзінің көлігімен келген болатын.
Сол кезде: - Сәлем! – Сәлем! – Қалайсың? – Жақсы! Одан кейін...
Жүздескен екі жастың алғашқы диологы дәл осылай аяқталған. Өйткені, өнерпаз жігіт «Алау» тобының құрамына қабылданады, ал Балжан «Кешьюдің» белді мүшесі еді. Баян қос шәкіртімен де келісімшартқа қол қойып, тек шығармашылыққа ден қою керектігін ескерткен. Соныдықтан болар, Әсет келесі қадамды жасауға жүрексініпті.
Әсет Арыстанбек, әнші:
- Әрекет жасағанда... Білмеймін, жасай алмадым. Өйткені түсінісіздер ғой. Біздің контракт бар. Яғни, ол болмайды. Қыз бен жігітке кездесуге болмайды деген. Сонымен араласып-араласып, қазір дос ретінде қатты сыйласамыз.
Балжан Бидаш, әнші:
Әсет – ол өте жан досым менің. Көбінесе халық басқаша ойлайды екен. Алдында ауылға барған кезде: «сенің жігітің емес пе ол», - дейді. «Жоқ, ол менің досым ғой», деймін де. Сол сияқты көбісі жігітім деп ойлап қалады. Жігіттермен сырласатын сол Әсет досым бар!
Қазір екеуі де Баяннан бөлек кеткен және бастары бос! Бірақ төрт жыл бұрын серінің бойында тұтаған сезім оты қазір сөнген секілді.
Әсет Арыстанбек, әнші:
- Енді мүмкіндік бар болғанда... Уақыты өтіп кеткен шығар. Өйткені, қазір бір-біріміздің қыр-сырымыздың бәрін білеміз. Ол өте жақсы қыз.