Фанаттар үшін «Икс адамдар: Қара феникс» картинасының тұсаукесерінен қапы қалу, кешірілмес күнә. Сондықтан, тағатсыздана тосқан премьерада, халықтың көптігінен ине шаншыр жер қалмады.
Қызыл кілемде бой көрсеткен өнер өкілдері болса, әсем образдары арқылы бір-бірінен ерекшеленіп қалуға тырысты. Бұл кеште, сөзсіз Софи Тернер жұлдыз.
Софи Тернер, актриса:
-Басты кейіпкерді сомдайтынымды естігенде толқығаным сонша, жылап алдым. Қазір де толқып тұрмын. Себебі, тарихы тереңде жатқан мұндай туындыда төбе көрсетудің өзі мақтаныш.
Маңызды сәтте Софиді қолдауға Джонастар жанұясы түгелдей жиналды. Алайда, арасында тек абысыны Прянка Чопра байқалмайды.
«Икс Адамдар: Қара феникс» әйгілі Марвел комиксы желісімен таспаланған 12-ші сиквел. Онда Феникстың жас кезі баяндалады. Джин Грей тосыннан өзінің түрлі тылсым қасиеттерге ие екенін анықтайды. Алайда, ерек қабілетке ие болған бикеш, өз күшін дұрыс қолдана алмай, Икс әулетіне зардабын тигізеді.
Картинаның сценарийі ғана емес, актерлық құрамы де ерекше. Киногерлер көшін, көрерменнің ықыласын баяғыда-ақ жаулаған Дженнифер Лоуренс, Джеймс МакЭвой, Николас Холт сынды өнерпаздар бастайды. Тіпті, олардың арасында Марвелдың жанкүйерлері да бар.
Дженнифер Лоуренс, актриса:
- Мен Марвелдың фанатымын. Су жаңа картина да атамыш студия фанаттарының көңілдерін қалдырмауы тиіс. Меніңше, «Икс адамдар» жоғарғы дәрежелі туынды.
Ал, көзі қарақты көрермен, фантастиканы маусымның 6-нан бастап тамашалай алады.