«Жұлдызды айқас»-тың көрермені болса, бұдан-былай Диснейленд паркінде жиналуды дәстүрге айналдыру тиіс! Ойын-сауық орталығында әйгілі фантастикаға арналған алаң ашылды.
Батуу атауын еншілеген бұл мекен, келген қонақтаға құдды бір фильмнің ішінде жүргендей әсер сылайды. Ал, «Galaxy's Edge» паркінің ашылуына әйгілі киноэпопеяның режиссері Джордж Лукастың өзі де келді.
Джордж Лукас, режиссер:
- Фантастиканы шынайы өмірмен ұштастыру үшін қолдан келгеннің бәрі істелді. Кермет шыққан дер едім!
Сарапшылардың есебінше, «Жұлдызды айқасқа» арналған ойын-сауық орталығын салу үшін, 1 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Еске салсақ, дәл осындай тағы бір парк көп ұзамай Орландо қаласында да ашылуы тиіс.
Марк Хэмилл, актер:
- Соңғы рет Диснейге Джордж Лукаспен бірге, «Star Tours»-тың ашуыл салтанатына келгенмін. Сол, сәтте осындай ауқымды жоба жүзеге асады десе еш сенбес едім.