Енді, Екьюлік жігіттер де суперқаһарман образын қайталамақ!
Есесіне, өзге өнер өкілдері мен отандастарымыз арасында комикс кейіпкерлеріне еліктеу трендке айналуда! Жастар арасында белең алған, «косплей» ұғымы кино, видео ойын, аниме мен мангадағы образдарды қайталап киінуді білдіреді.
Дәл осындай ерек хоббиді ермек еткен жандардың бірі - Әйгерім. Сылқым, косплеерлер арасында кеңінен танымал.
Aigera Dunamis, косплеер:
-Айгера, енді бүгінгі образыңыз өте ерекше. Айтып берсеңіз сол туралы.
- Мен бүгін «Дота-2» видеойынындағы Дроу Рейнджердің кейпіндемін. Бұл образ, майда бөлшектерінің көптігімен, көк және сары түсті болғанымен ұнады.
Комикс шығармаларын құмартып оқып, бас кейіпкерді қайталағысы келетіндер қатарынан q-pop өкілдері де табылды.
«EQ» тобы:
- Барлығына комикс ұнайды деп ойламын. Маған, мысалы Марвелдың комикстары ұнайды. Ең сүйікті комиксым «Мстители». Бірақ маған Спайдермен ұнайды. Себебі, мен бала кезден бастап сол Спайдерменге еліктейтін болдым.
«EQ» тобы:
- Менікі де Марвел. Ұнайтыны, барлық персонаждар ұнайды. Әркімнің өз фишкасы бар, әркімнің өз юморы бар, барлығы ұнайды деп айтсам болды. Бірақ, фаворит, «Железный человек».
Екьюлықтар, «Темір адамға» әне-міне косплей әзірлейміз деп жүргенде, жігіттерді шаң қаптырғандар да табылды.
Павел, Алексей, косплеерлер:
- Бұл менің әзірлеп шығарған алғашқы костюмым емес. 15-ші. «Темір адамды» дайындау үшін 1,5 ай уақытым кетті. Ал6 сіз неліктен Бэтменді таңдадыңыз? Байқағаныңыздай, сіз комикс бойынша 2 миллиардер ортасында тұрсыз. Біз екі әлемнің екі басты кейіпкеріміз.
«Косплей» оның ішінде біте қайнасып жүргендер үшін жәй ғана ермек емес, табыс көзі! Түрлі патилерге барып, көпшіліктің көңілін көтергендері үшін қомақты қаламақы талап етеді.