Толқын Болатбек, журналист:
- Жыл сайын өтетін «BopeFair» фестивалі биыл да дәстүрден озбай, белсенді аналар мен балақайларды ашық аспан астына жинады. Осындай ауқымды шараның ұйымдастырушасы Айнұр Ілиясова жуырда екінші рет ана атанғанына қарамастан барлығына қалай үлегереді? Біліп көрейік...
Сұраныстағы актриса, қайын жұртына мақтаулы келін, заманауи ана, магистрант, ауқымды отбасылық дәстүрлі фестивальдің ұйымдастырушысы! Айнұр Ілиясованың бүгінге артқан жүгі осы! Жаңа босанып, сәбиін таяуда ғана қырқынан шығарған ана үшін – оңай шаруа емес екені анық.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Қазір бала кішкентай ұйықтайды, шүкір, тыныш және де мен өзім де осы жерден көп нәрсе аламын. Мысалы, кейбіреулер жазып жатады, «рахмет сізге, «BopeFair» фестивалінен кейін мен кішкентай дүкен аштым, я болмаса рахмет сізге мен күйеуіммен ара қатынасын жақсы болып кетті мен мынадай лекция тындап шабыттанып кеттім
«Аталмыш фестиваль сырт көзге жеңіл, ойын-сауықтық болып көрінгенімен, мағынасы терең, артылар жүгі ауыр», - дейді Айнұр.
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Бұл фестивалдің басты мақсаты отбасының бірге уақыт өткізуі. Мысалы, анасы мен әкесінің арасында түрлі қиындықтар болып жатса олар мына жерге келіп, жақсы эмоция алып мүмкін ара қатынастары жақсы болып кетеді.
Өзгенің шаңырағын шайқалтпауға тырысып жүргенде, сылқымның өз ошағы орнында, түтіні түзу шығып жүр ме? Бірнеше шаруаны қатар арқалап, ханшайымдары мен күйеуіне деген ынта-ықыласы ақсап жатқан жоқ па? Актриса мұндай мәселенің мүлде жоқ екенін айтады. Себебі, жанында жанашыр жәрдемшілері бар.
Айнұр Ілиясова – актриса
- Менің енем, жолдасымның анасы балаға киім алатын сол кісі. Мен ештеңе алмаймын, анандай жұқа носки деген сиякты ғана аламын.
Мұндай сәттер шабытын шарықтатып, ісін оңға өрлетеді. Сондықтан, Ілиясова бикештің әлі талай жаңалығына жаршы болармыз.