Ұлттық аспап пен электронды музыканың ерекше интерпритациясы тыңдарманды тәнті қыла алды ма?
Бұл жоба «Отырар сазы» мен «iFLY» тобының шығармашылық тандемінен туындаған. Жүзге жуық адамнан жасақталған өнерлі ұжымның мақсаты – ұлттық музыканы дәріптеу.
Серікқазы Аязбаев, тілші @serikkazyayazbaev:
- Бүгін ұлттық аспаптар мен электронды музыканың синтезі, иә? Идея авторы кім?
Дінзухра Тілендиева, дирижер:
- Бірінші концертіміз ЭКСПО-да болған. Сонда ескі шығармаларды жаңаша шығарсаңдар деген ұсыныстар түскен. Содан шыққан бұл концерт.
Оркестрді Дінзухра Тілендиева басқарса, «айфлай» музыканттарына әйгілі «Рахат-Лукум» тобының экс-мүшесі Ксения Сухомазова жетекішілік етеді. Қазақ қызы пен орыс ұлтының өкілін табыстырған күш – саф өнерге деген құштарлық!
Дінзухра Тілендиева, дирижер:
- Өйткені, Ксенияның қазақ тілі жақсы. Өлеңді айтқанда тура акцентсіз айтады.
Ксения Сухомазова, iFLY тобының әншісі:
- «Отырар сазы» оркестрі – нағыз музыканттардан жасақталған. Алғашықыда әр шығарманың нотасын алдыларына тастадық. Олар бірден кәсіби тұрғыда сүйемелдеп берді. Сондықтан Дінзухрамен шығармашылық көзқарасымыз ұқсас!
Бір толқында ұғынысқан қос ұжымның күн санап аудиториясы да ұлғая түсуде. Әдетте, қолы қалт етсе ойын-сауық кештері мен түнгі клубқа қарай тартатын жастар жағы ығы-жығы!
Серікқазы Аязбаев, тілші @serikkazyayazbaev:
- Ұлттық аспаптарға жастардың қызығушылығы қалай? Сіз бақылап жүретін шығарсыз. Көрерменнің келуі, тыңдарманның талғамы қалай болып жатыр?
Дінзухра Тілендиева, дирижер:
- Он жыл бұрын басқа болатын. Үлкен адамдар келетін концертімізге. Енді қазір көбінесе жастарды тартып жатырмыз. Бүгінгі концерт жастарға қызық болады деп ойлаймын.
Иә, Дінзухра бастаған команда діттеген мақсатына жетті. Ерекше интерпритациядағы шығармалар, елдің көңілінен шыққаны анық байқалады.
- Қаншалықты мұндай концерттерге жиі келіп тұрасыз?
- Естіген кезде бірден билет алдым. Сол келдік. Өте ұнап жатыр.
- Қандай ерекшелік байқадыңыз бүгін?
- Шыны керек, бұған дейін мұндай форматта музыка тыңдап көрмеппін. Бұл ескі, көне халық әндерін жаңа форматта жастарға ұсынып, таратуға үлкен мүмкіндік деп білемін