Кешьюліктер көп ұзамай тыңдарманын жаңа әнжинағымен қуантады деп сенеміз! Ал оған дейін, ширек ғасырлық тарихы бар Pitchfork музыкалы басылымы жаз маусымында жарық көретін үздік альбомдар тізімін ұсынды! Сыншылардың пайымдауынша, дәл осы туындыларды тыңдарман қауым тағатсыздана тосып жүрген көрінеді.
Тізімде Madonna-ның — «Madame X»-ы көш бастайды! Алпысты алқымдаған әншінің бұл жұмысын нағыз «бомба» болады деп топшылайды көпшілік. Одан өзге, марқұм Авичидің жарық көретін «Tim» жинағы да бар. Туындыға деген қызығушылық, адал жанкүйерлердің диджейге деген құрметі болса керек. Сондай-ақ, бұл тізімде Chance The Rapper, Denzel Curry, Skepta сынды ньюскул өкілдері де жетерлік.