Ал, «Х-адамдар» фильмінің командасы Кореяда су жаңа лентаның тұсауын кесті. Актриса Софи Тернер әйгілі франшизаның 12-ші бөлімін таныстыру үшін Сеул қаласына ат басын тіреді. «Тақтар ойыны» жұлдызының жанкүйерлері, актрисаны өзге ролде қалай қабылдады?
«Marvel Comics» студиясының өзге ғаламшарлық қаһармандарын Оңтүстік Корея жанкүйерлері асыға тосқандай. Әйгілі франшизаның кезекті бөлімін таныстыруға Софи Тернермен бірге Майкл Фассбендер, Тай Шеридан және Эван Питерстер де келген еді.
«Икс адамдар: Қара феникстің» басты кейіпкеріне айналған Софи, бұл шараға ыждахаттылықпен дайындалса керек. «Louis Vuitton» брендінің көйлегін киіп келген бикеш үшін бұл туындының орны бөлек. Себебі ару картинада алғаш рет зұлым жанның образын сомдайды.
Софи Тёрнер, актриса:
- Білесіздер ме, осы жолы фильмде барлық назар маған аударылды. Мен қатты қобалжыдым. Өзіме артылған сенімді ақтай аламын ба деп қорықтым.
«Тақтар ойыны» жұлдызының табиғатына жат образ, көрермен үшін де тосын сый болған. Актрисаны жаңа кейіпте көрген фанаттар, жеке кездескен сәтте түрлі сұрақтың астына алды.
Ал су жаңа фантастикалық лента, Икс адамдар командасының кезекті миссиясын баяндайды. Бұл жолы Софидің роліндегі Джин Грейге қара фенисктің зұлым күші әсер етпек. Себебі бикеш енді қоршаған орта үшін қауіпті. Режиссер Саймон Кинбергтің шытырман фильмі, 6-шы маусымнан бастап үлкен экрандарға шығады.