Селена Гоместің Канн кинофестивалінде өз туындысын ұсынатын уақыты да келер. Әнші қыз режиссер Вуди Аленнің су жаңа «Нью-Йорктегі жаңбырлы күн» фильмінде басты кейіпкерді сомдайды.
Селена Гомес пен Тимоти Шаламе басты рөлдегі романтикалық комедия, алғашында 2017 жылы жарық көруі тиіс еді. Алайда, фильм авторы Вуди Алленге, арулардың ар-намысын таптады деген айып тағылып, картина кейінге шегерілген-ді.
Қызыққа толы лента, қос ғашықтың хикаясын баяндайды. Оқиға екі жастың Нью-Йорк қаласына көшіп келуінен басталмақ. Бүгінде көрерменнің 99 пайызы асыға күткен туынды, 10-шы қазаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі.