Канның қызықтары мұнымен бітпейді! Премьерадан соң жұлдыздар, афтепатиде бас қосқан еді. Мәселен, Ева Лонгория мен Сальма Хайек «Women in Motion awards» шарасында көзге түсті. Бұл кештен, киносаладағы ең үздік әйелдер арнаулы марапатқа ие болған көрінеді.
Камера объективі алдында жұлдыздай жарқырған Ева Лонгория мен Сальма Хайекке қытайлық әріптесі Гун Лиге жол беруге тура келді. Әлемге әйгілі «Геиша ғұмырнамасы» картинасымен етене таныс актриса, бұл кеште «Women in Motion» марапатына лайық.
Алайда, голливудтық арулар шетелдік өнерпаздың шаңында қалғанына еш ренжімейді.
Ева Лонгория, актриса:
- Кімнің марапат алғаны маңызды емес! Бастысы әйел адамының әр салада жеңіске жетуі
Жуырда ғана қалыңдық атанған Приянка Чопра болса, «Chopard» бренді ұйымдастырған кеште көзге түсті. Жас келін, афтепатиге күйеуі Ник Джонасты ерте келген еді. Ерек шарада қауышқан қонақтар, әр нәрсені тілге тиек етіп, өзара әңгіме дүкен құрды.
Ник Джонас, әнші:
- Жазда жұмыс көп болады. Сондықтан маусым алдында Каннға келіп демалған қандай керемет!
Кешке келген кейбір қонақтарды демалыс емес, мүлде өзге дүние толғандыратын сыңайлы.
Джереми Микс, модель:
- Осында жүргенімде, «Тақтар ойынының» ақырғы бөлімі жарыққа шықты. Алайда, мен оны осында емес, жылы көрпемде жатып көруге асықпын.
Канн патилерінің көптігін назарға алар болсақ, Джереми жуырда сүйікті сериалын тамашалай алмайтын сыңайлы. Фестивальдің отыз күн ойыны мен қырық күн тойы әзірге таусылар емес!