Еркеш Шәкеев ерледі. Әйгілі композитор шығармашылық кешінде көп балалы жанұяға төрт бөлмелі пәтерді сыйлаған. Қайырымдылық концертті тамашалауға келген отбасы, сазгердің тарапынан болатын тосын тартудан бейхабар еді...
Бұл кеш Шәкеев шығармашылығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Концерттен түскен түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа жұмсалды. Жыл басында туындаған идеяға Еркештің өнердегі ет-жақындары қуана келіскен көрінеді.
Толқын Забирова, әнші:
- Көп балалы отбасына пәтер аламыз деп Еркеш айтқан кезде, мен әрине екі қолды көтеріп, бірден қатысамын деп айттым. Еркешке үлкен рахметімді айтқым келеді. Өзінің баласын жоғалтып отырып, біреудің баласының жағдайын, біреудің отбасының қамын ойлау – ол үлкен батылдық!
Игі бастама жемісті болған секілді. Жиналған қаржыға Алматыдан төрт бөлмелі пәтер алып, композитор көп балалы жанұяға табыстады. Бір қызығы баспаналы болған отбасы, жағымды жаңалықты сол сәтте ғана сазгердің өз аузынан естіген.
Ата-ана:
-Не знаю мне плакать или радоваться. «Это... менің қыздарымның арманы орындалды» - деп ойлаймын.
Еркештің ерек кешіне Мәскеуден ат арытып әйгілі «А-студио» тобы да келген. Шәкеевтің қолға алған игі идеясы, оның өнердегі достарына да ұнап қалғандай. Келешекте бұл үрдісті эстрада өкілдері эстафетаға айналдырмақ ниетте.
Әсем Көпбаева, әнші:
- Өте тамаша. Бұл эстафета болса, мен және менің тобым уәде береміз. Қосыламыз. Өйткені мұндай нәрселері жасау керекпіз. Тамаша!
Бұл кеште бақилық болған Батырханды да еске алды көпшілік. Шүкеновтің шығармашылығындағы ең танымал әндердің бірін Ресейден келген Александр Иванов пен «Рондо» тобы халықпен қосыла шырқады.