Кейбір Отандық өнер өкілдері болса, Найнти уанның көшіне ілесе алмай жүр! Мәселен, Дильназ Ахмадиева бүгінгінің трендтерін түсіне алмай дал. Тіпті, әншіге жаңа толқынға ілесу үшін ғаламатордың көмегіне жиі жүгінуге тура келеді екен!
Қырыққа жақындаған Дильназ Ахмадиеваға жастармен тіл табысу аздап қиынға соғуда. Оның үстіне, бұрын-соңды естімеген бүгінгі заман ұғымдары майталман әнші мен жаңа толқын арасын алыстатып жүрген көрінеді.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- Мысалы, жастардың пікірінше, өзіңнің жасың туралы айту қазір дұрыс емес екен. Оны жаңа буын «ейджизм» деп атайды. Яғни, үлкендігіңді көрсету, айту ұят екен. Бұл ұғым осы құбылысты білдіреді.
Дәл осылай, тек трендтегі тіркеспен тіл табысатындардың бірі - Санұржан Сүлейменов.
Санұржан Сүлейменов, актер:
- Қазіргі уақытта сленг дейтін болсақ, оның жаман жағын көріп тұрған жоқпын. Қазіргі жастар еркін сезінсе өз тілінде, ертеңгі уақытта бала-шағамыз одан сайын өзін еркін сезінеді.
Алайда, Санұржанның құрдасы болса да, Динара Бақтыбаева көштен қалуда. Актриса, замандастарынан естіген кей сөздердің мағынасын ғаламтордан іздеп, әбігерге түседі екен.
Динара Бақтыбаева, актриса:
- Желіде жиі «Эф фо эф» деп пікір қалдыратын. Мағынасын еш түсінбедім. Сосын, жанкүйерімнің бірінен мағынасын сұрадым. Сөйтсем, ол сөздің мағынасы «Фоллоу ту фоллоу» екен. Яғни, маған оқырман болып жазылсаң, мен саған жазыламын деген сөз.
«Тынышы түрлі трендтерден қашық болайық» - дейді Жандос Айбасов. Актер жаңа түсініктер мен түрлі флешмобтардың еш қызығы қалмағанына сенімді.
Жандос Айбасов, актер, каскадер:
- Мен ойлаймын қажет емес деп. Қызық болса жарайды, бірақ қазіргі кезде трендтің өзі қызық емес болып кетті ғой.
«Алайда, ең бастысы, тренд қуамыз деп, қоршаған ортаға зиянымыз тимесе болғаны» деп, актер өз ойын түйіндеді.