Тэйлор Свифт, Ева Лонгория, Карди Би мен Офсет бастаған өнер өкілдері «Billboard Music Award»-тың қызыл кілемінде бой көрсетті. Тіпті Сиара, музыкалы марапатқа атұстарын ерте келген еді. Арнаулы жолақта әбден суретке түскен анасы мен баласы көптің жүрегін елжіретті.
Қызыл кілемнің кішкентай жұлдызына айналған Сиараның ұлы шараға үлкен ыждаһатталықпен дайындалған. «Версачидің» образында төбе көрсетіп, журналистерге сұхбат берген ол, көптің жүрегін бірден жаулады. Алайда, Фьючер, біраз уақыттан соң әртістік өмірден аздап жалыққан сыңайлы.
-Балақай, микрофонмен ойнайын дедің бе?
-Ұлым, олай істеме!
Карди Би мен Офсет болса, бүлдіршіндерін бала күтушісіне қалдырып келген еді. Жұлдызды жанұя өздеріне қадалған мыңдаған камера объективі алдында, қымсынбастан бір-біріне деген ыстық сезімін ашық көрсете бастады. Атышулы жұп үшін, мұндай ерсі қылық әдетке айналғандай.
Сүйіктісі мен бауырларының көңілін қимаған Ник Джонасқа екі рет көзге түсуге тура келді. Біріншісінде, ағаларымен бірге«Jonas brothers» тобының атынан, ал екіншісінде асыл жары Приянка Чопрамен паппараций алдында жарқырады.
Тэйлор Свифт қызыл кілемде жалғыз! Сондықтан болар, әншінің бал-бұл жайнаған жүзін байқай алмайсың. Бикештің ізін ала, Ева Лонгория, Холзи мен Дженифер Хадсон сынды арулар әсем образын халыққа барынша көрсетіп қалуға тырысты.