Төртінші сәбиін күтіп жүрген Ким Кардашьян да, жуырда көпбалалы ананың қатарына кірмек. Алайда атышулы сәнбике бала тәрбиесіне қатысты біраз сынның астына қалып жүрсе керек. Голливуд жұлдызын, әсіресе, қызы үшін айыптайтындар көп екен.
Ким Кардашьянның әрбір образымен қатар жеке өмірі де жұрт назарында. Отбасылық шоумен танылған сәнбике, тұңғыш қызы Нортты, жұлдыз қылмақшы. Бикеш тіпті 5 жасар ханшайымына жеке дизайнер мен стилист жалдап алған. Ал бүлдіршіннің ашық жарқын киімі мен бет әлпетін әрлеуіне көпшілік қереғар пікір білдіруде. Каньенің жұбайы болса, бұл қалыпты жағдай деп отыр.
Брэд Питт экс-жұбайына сыйлық жасады. Актер бұрынғы әйелі Дженнифер Энистонға өзінің үйін тарту еткен екен. Таяуда ғана 50 жасын атап өткен актрисаның төл мерекесінде Питт қадірлі қонақ болған еді. Брэдтің 2005 жылы қарым-қатынасын үзген жұбына арналған баспанасы, 79 млн АҚШ долларына бағаланады. Ол танымалдардың кезінде бірге тұрған шаңырақтары болса керек.
«Фантастикалық құбыжықтар» фильмінің үшінші бөлімі кейінге шегерілді. 2020 жылы жарық көруі тиіс лента, түсірілім жұмыстарын тоқтатқан. Оған басты рөлдердің бірін сомдайтын Джонни Депптің экс-жұбайы Эмбер Хердпен арадағы дауы себеп болған. «Warner Bros» студиясы ұсынған лентадан танымал актер мүлдем бас тартуы мүмкін деседі. Ал картина, тек 2021-дің қараша айында ұсынылмақ.