Шарлиз Теронның бұл күндері мүлде уақыты жоқ! «Оскар иегері» кезекті картинасының тұсаукесері аясында Еуропа қалаларын аралауда! Лондонға табан тіргеген актриса, ерек образымен көптің талқысына қалды.
Қырықтың қырқасына шықса да, Шарлиз Терон көз сүріндірер көркімен, әрдайым ел аузында! Лондондағы тұсаукесерде де, актриса өзгелерден ерекшелене білгендей. Оскар иегері, премьераға «Givenchy»-дың қара-күлгін түсті көйлегінде төбе көрсетті.
Айтулы кешке Шарлиз Сет Рогенді ерте келген еді. Еске салсақ, қос өнерпаз «Long shot» картинасында бұрынғы ғашықтар кейпінде. Сюжет желісі бойынша, Терон – әлемнің ең беделді бизнесвуменінің бірі. Ал, оның серісі болса, дарынды журналист. Алайда, экс-сүйіктілердің қайта жарасуы әлемдік деңгейдегі қауіпті оқиғамен аяқталады.
Сет Роген, Шарлиз Терон, актерлар:
-Түсірілім бізге өте қызық болды.
-Иә, барлығы өте көңілді өтті.
-Менің ойымша, лента да көптің көңілінен шығуы тиіс.
Лентадан кейін, қос актерды көңіл қосты деп топшылағандар көп болды. Бірақ, мұны өнерпаздар жоққа шығаруда. Фильмде Шарлиз бен Сеттен өзге Эндри Серкис, Александр Скарсгорд сынды киногерлерді байқауға болады.
Джонатан Левин, режиссер:
- Көңілді картинаны байсалдылықпен таспалау қолымыздан келмеді. Түсірілімде де түрлі оқиғалар болып, күлкімізді тыя алмай, сахнаны қайта таспалауға тура келген еді.