Көптен күткен «Джеймс Бонд» фильмінің авторлары актерлық құрамды таныстырды. Бұл жолы әйгілі тыңшының басты қарсыласы - Ра́ми Ма́лек болмақ. «Богемдық расподия» фильмінің арқасында «Оскар» иегері атанған актер, енді зұлым кейіпкерді қалай сомдамақ?
Атыс шабысқа толы 007 агентінің хикаясын баяндайтын фильм осымен 25-ші бөлімін ұсынбақ. Шытырманға толы лентада Дэниел Крэйг, тыңшының образын соңғы рет сомдайды.
Жоба авторлары, кезекті бөлімнің актерлық құрамын ресми түрде таныстырды. Жаңа кейіпкерлермен ерек кездесу өткізген киногерлер, осылайша бондиандықтарды қуантып қойғандай.
Дэниел Крэйг, актер:
- Меніңше Джеймс Бонд қай уақытта болмасын өзекті фильм. Себебі кейіпкерімнің өміріне үңіліп қарасаңыз ол өте қызықты. Туындының шынайы көрермендеріне кезекті хикая ұнайды деп сенемін.
Режиссер Кэри Фукунага қолға алған туындыда, зұлым кейіпкерді сомдауға Рами Малек бекітілген. Фрэдди Меркьюридің образында танылған актер, байопиктің арқасында «үздік актер» атанған еді.
Рами Малек, актер:
- Білесіздерме Кэри Фукунага өте талантты режиссер. Ол қолға алған фильм сапалы шығатынына күмәнім жоқ. Ал менің кейіпкеріме келсек, Бондтың басындағы қара бұлт боламын деп уәде беремін.
Джеймстың ғашығының рөлі актриса Ана де Армасқа бұйырған. 30
жастағы бикештен өзге, «Капитан Марвелде» бой көрсеткен Лашане Линч Бондтың тағы бір сүйіктісіне айналмақ.
Ана де Армас, актриса:
- Өте қуаныштымын. Осындай ауқымды жобаның мүшесі атанғаным мен үшін жетістік.
Бүгінде «Бонд 25» атауына ие болған картина, Джеймс үйленіп, тыңшылық қызметімен қош айтысатын сәттен басталады. Алайда серінің қалыңдығын қас жаулары өлтіріп тынады. Бондтың ендігі миссиясы – дұшпандарынан кек алу.