Айқын Төлепберген қара нәсілді жігіттерді қолдауға неге құмар?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын қазақ әншілерінен гөрі, қара нәсілді жігіттермен жұмыс істеудің тиімді екенін айтады. Өзге ел өнерпаздарымен шығармашылық тандем орнатқан Төлепберген, су жаңа туындының түсіріліміне де кірісіп кеткен...

Бұл бейнебаян Төлепберген мен «Син фронтера» тобының алғашқы жұмысы. Бастапқыда қазақ әншісі мен қара нәсілді жігіттер отандық шоу-бизнеске дүмпу әкелуді көздегенімен, клип көпшіліктің қызығушылығын оята қоймаған. Өйткені, аталған бейнебаянның тұсаукесері мен Айқынның Жұлдызбен жұптасуы тұспа-тұс келсе керек.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Бірінші клип сондай бір сұранысқа бірден ие болған жоқ. Себебі ол кезде басқа бір өсек шығып кетті де. Ол бейнебаянмен паралельді түрде басқа бір өсек шыққаннан кейін ол кезде бәрі соған кетіп қалды.

Бірақ әріптестер алған беттен қайтпай отыр. Олар жуырда екінші мәрте дуэт жазып, жаңа бейнебаянның жұмысын бастап кеткен. Айқынның мақсаты – отандық шоу-бизнесте тыңнан түрен салу, Синфронтералық серілердің көздегені – Қазақстан эстрадасынан орын табу.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Қазақстан эстрадасына шыққысы келіп жүр де. Жаңа бір ән жазған. Өздерінің композициясы. Жаңа ән. Соны маған көрсетті.

Жаңа ән қос тілде орындалады. Айқын қазақша, шетелдік өнерпаздар испанша шырқайды. Мәселен, былай...

Айқын Төлепберген, әнші:

- Байландо, деспосито сияқты әндері дүние жүзіне өте танымал. Сондықтан солай испан тілі мен қазақ тілін араластырып, сөйтіп екі тілде ән шығарып жатырмыз. Негізі бұл латын билерімен айналысатын адамдардың көбіне билейтін биі ғой.

Отандық эстраданың өкілі атанудың жолын Айқын арқылы тапқан өзге ұлт өнерпаздарының ұпайы түгел. Төлепбергенге ұсынысты өздері айтқан қара нәсілділер, қаржы жағын теңдей бөліске салыпты.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Бюджетті жартылай бөліп алдық. Жартысын олар төлейді, жартысын мен төледім.