Киносүйер қауым Брэд Питті сағынғаны анық. Актер ұзақ уақыт үлкен экрандардан көрінбей кеткен еді. Себебі ол, экс-жұбайы Анджелина Джолимен ажырасу мәселесімен әлектеніп жүрді. Енді ресми түрде басы босаған жұлдыз жаңа ғашығы туралы сөз қозғады.
Брэд Питтің болашақ сүйіктісіне қояр талабы жетерлік. 55-жастағы актер балаларына ана болатын жанның өнер адамы болғанын қаламайды екен. Еске салсақ, киномайталман бұрынғы әйелі Джолимен, шығармашылықтан бос уақыт таба алмағыны үшін ұрыс-керістің болатынын айтқан еді. Тіпті, Питт көңіл қосқан аруды БАҚ өкілдерінен құпия ұстаймын деп отыр.