Нұржан Керменбаевтың экс-ғашығы Жанар Хамитова, Қапкарашкамен қарым-қатынасын қайта жалғастырмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Арнау» дуэтінің алғашқы құрамы естеріңізде болар.

Соңғы күндері Қапкарашканың бұрынғы ғашығы ғаламторда қызу талқыға түсуде. Осы уақытқа дейін жұрт назарынан жырақта жүрген Жанар Хамитова, енді қара баламен қайтадан байланыс орнатқысы келеді. Керменбаевтың экс-сүйіктісінің көздегені не?

Нұржан мен Жанарды жолықтырған «СуперстарКз» жобасы, кейін қос өнерпаз «Арнау» тобында ән салды. Тіпті, кезінде бұл жұптың арасындағы сезімнің ұшқыны да ашық айтылды. Бірақ екі жастың тағдыры тоғыспаған. Себебі..?

Жанар Хамитова, әнші:

- Себебі жас болдық. Солай болу керек шығар. Мен өкінбеймін. Нұржанның бойы да кішкентай ғой. Мен өз ұстанымыма сүйеніп, бой ұзын жігіт керек болған шығар. Маған әрдайым біреу айтады. Сен білесің бе, сенің бұрынғы жігітің Қапкарашка үйленді, оның балалары бар деген сияқты.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Жанармен мен біраз болды көріспегелі. Сол кезден бастап көріспедік деп айтсақ болады. Енді біраз нәрсе өзгерді. Ол кісі өнер әлемінен кетті. Қазір қайта жырлай беретіндей жыры да қалмады негізінде. Егер жыры болатын болса, жырлайтын едім.

Жо-жоқ! Экс-ғашықтардың нағыз жыры енді басталатын секілді. Жанар, Қапкарашкамен өмірде бірге болмаса да, өнерде қайта ән салуды қалайды. Егерде қара баланың тарапынан ұсыныс түссе, Хамитова бірден жұмысқа кірісуге тас-түйін дайын.

Жанар Хамитова, әнші:

- Неге болмасқа? Егер ол ән жазайық деп, ұсыныс жасаса... Қазір енді... мүмкін Нұржан келер...

Жанар «Арнау» тобының әндерін шырқаса, ерекше ностальгияға бөленеді. Бүгінде шығармашылыққа белсенді түрде бет бұрған бикеш, орындаушылық шеберлігін түрлі бағытта сынап көрмек.

Жанар Хамитова, әнші:

- Барша стильде! Рэп оқып бере аламын. Құдай қаласа біз қазақтың халық әндерін алып, Шадэнің стилінде альбом жазғымыз келеді. Оларды ағылшын тіліне аударуым да мүмкін.

Қазіргі таңда Хамитова хит жазудың қамына кіріскен. Әр күні ән өңдейтін студияда өтуде! Ұзақ жылдар өнерден жырақта жүрген Жанарға Сиви Махмуди қолдау көрсетуді құп көріпті.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

- Қанша жыл бұл Түркияда тұрып келді. Түркі тілін жақсы біледі. Бір керемет түрікше ән жазайық. Соған түрікше жарқырап, билеп, стильді өзгеше қылып, мен сенің түр-әлпетіңді өзгертемін», деп жатырмын да.

Айтпақшы, ән сапардың да жоспары құрылып қойған. Жанар жуырда жанкүйерлерімен қайта қауышады!