«Ninety one» тобын бұдан-былай жанкүйерлері Қазақстаннан өте сирек көруі мүмкін! Отандық бойзбенд, енді k-pop өкілдерімен бір сахнаны бөліспек. Ұжымның тың жоспарларымен Ерболат Беделханның өзі бөлісті.
Найнти уанның соңғы кездері белсенділігі азайып кеткені күллі иглзды алаңдатқан сыңайлы. Алайда, бұл тек дауыл алдындағы тыныштық екен. Бүгінде бойзбенд, тыңдарманын тағы бір тың туындыларымен қуанту үшін барын салуда.
Ерболат Беделхан, Ninety one тобының продюсері:
- Біз альбом шығаруымыз керекпіз, біз концепция шығаруымыз керекпіз. Біз вижуалитидің барлығын құрастыру керекпіз, соған белгілі уақыт керек та. Сол кезде қысқы уақытта бір уақытын алады. Содан кейін, көктем уақытында бізде қайтып келу мәселесі болады.
Одан бөлек, топ продюсері ұжымды әлемге таныту мақсатында жұмыстар жасалынып жатқанын жасырмайды. Ал, «I See your voіce» бағдарламасына қатысқанынан кейін, жігіттерге түрлі ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді.
Ерболат Беделхан, Ninety one тобының продюсері:
- Кореяда М-неттен шыққанннан кейін, «I See your voіce» -тен кейін, World-pop фестивалі шықты бізге. Өте тамаша алаң біз үшін, мүмкіншілік. Бүкіл әлемдегі көп жұлдыздардың шоғырлану жері. Бізге үлкен мүмкіндік береді.
Аталмыш ән фестивалінде, Найни уандықтар k-pop өкілдерімен бірге бір сахнада ән айтпақ. Отандастарымыздан басқа, шарада 10-нан астам өзге елден келген өнерпаз қатыспақ.
Ерболат Беделхан, Ninety one тобының продюсері:
- Негізі мен былтыр айтқан болатынмын, 91 тобын мен басқа нарыққа шығарамын деп айтқан болатынмын. Міне, осы жылғы активностерден көріп жатырсыз. Сол, ал жеке тұлға ретінде айтамын ол да болып жатады.
Ерболат Беделханның сөздеріне қарасақ, Найнти уан мемберлерінің дебют алар уақыты алыс емес.