Әлем таныған Адельдің бүгінде шығармашылығы емес, жеке өмірі қызу талқыға түсуде. Әсем дауысты өнерпаз күні кеше күйеуімен ажырасыпты. 7 жылға созылған отбасылық өмірден кейін, жұптың қарым-қатынасына сызат түсірген қандай жәйт?
Дәл осы әнімен атын әлемге таныта алған Адель, беделді жұлдыздардың көшін бірнеше рет бастаған еді. Forbes-тің 30 жасқа дейінгі өнерпаздар арасында ең байы атанған да өзі.
Адельдің 2015 жылы жарық көрген «25» атты әнжинағы сатылымы жағынан тарихта қалған. Осылайша, өнер иесі «Грэммидің» үздік үш жүлдесін қатарынан алған жалғаз әнші.
Аделдің шығармашылығында бір мін жоқ болса, жеке өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Британдық өнерпаз 7 жылдық қарым-қатынастан кейін күйеуі Саймон Конеккимен ажырасуға шешім қабылдаған. Әнші өзінен 14 жас үлкен ғашығымен 2011 жылы көңіл қосқан еді. Адельдің экс-сүйіктісі бүгінде «Life Water» қайырылымдылық қорының жетекшісі.
Бұл жұп ресми түрде 2016 жылы шаңырақ көтерген. Анджело есімді ортақ ұл тәрбилеп отырған Адель мен Саймон, баласының қамқорлығына бірге атсалысуға ниетті. Ғашықтардың бөлек кетуіне арадағы келіспеушіліктер себеп болған көрінеді. Алайда, әнші жеке өмірінде орын алған жәйттарды құпия ұстамақ. Есесіне, Адель тыңдармандарын су жаңа альбоммен қуантамын деп уәде берді.