Дженнифер Лоуренс өзі туралы кітап жазбаса да, фильм түсіруге шамасы жетерлік. Актриса ұзақ уақыт үзілістен кейін кино әлеміне қайта оралды. Продюсерлікті де қолға алған Лоуренстің кезекті картинасы не жайлы болмақ?
Дженнифер Лоуренстың су жаңа туындысы ерекше болмақ. Бұл жолы продюсерлық тізгінді де қолға алатын актриса, картинаны театр режиссері Лил Нойгебауэрға сеніп тапсырған. Жас қыздың бастан кешкен хикаясын баяндайтын фильм, Жаңа Орлеан қаласында таспаланады. Ал түсірілім жұмыстары маусым айында басталмақ.
Сальма Хайек қайырымдылықпен көзге түсті. Мексикалық танымал актриса күйеуімен бірігіп, өртеніп кеткен «Нотр-Дам-де-Пари» шіркеуіне 100 млн евро сыйға тартты. Сальманың жұбайы Франсуа-Анри Пино - Gucci, Alexander McQueen, Stella McCartney сынды танымал бредттердің иегері. Пино әулетінің дүние мүлкі бүгінде, 37 млрд долларды құрап отыр.
Зейн Малик фильмдерге саудтрек жазуға кірісті. Музыкант жуырда жарық көретін «Аладдин» картинасына трек арнамақ. Тіпті жаңа бейнебаян таспалауды бастаған Зейн бұл туындыға арнайы ұсыныс алса керек. Жоба авторларының айуынша, әнші жігіттің бас кейіпкерге ұқсастығы себеп болған.