Актриса Софи Тернер су жаңа фильмде зұлымға айналмақ! Талантты ару «Х-адамдар: Қара феникс» фантастикалық картинасында, ең қауіпті кейіпкердің образын сомдайды. Алғашқыда суперқаһарман болған бикеш, мұндай күйге қалай түсті?
Өзге ғаламшарлық мутанттардан құрылған жасақ, көрермендермен қайта қауышады. Бұл жолы Джин Грей, яғни Софи Тернер өзге әріптестеріне зиянын тигізеді. Тіпті, лентада Мистик кейпіндегі Дженнифер Лоуренс қаза табады. Джиннің қауіпті жанға айналуы, космостағы құбыжықтардың әсері болса керек. Шытырманға толы картина, 6-шы маусымнан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!