Отандық продюсерлер арасында пікірталас басталды. Алғашқысы – Айдарбекова, екіншісі – Болманов. Гүлзираның сөзіне сенсек, кезінде Қайратты қолдауға келгенде Қыдырәлі құлықсыздық танытқан. Бірақ КН командасының айтқанын, «АБК-ның» жетекшісі жоққа шығарды!
Арман – Қайраттың тұңғыш хиті. Алайда, 16 жастағы бозбаланың танымалдылығын арттыру жолында, анасы аянбай тер төкті. Айдарбекованың айтуынша, осыдан жыл бұрын Нұртастың ұлы азулы продюсерлердің жәрдеміне зәру болған.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Шынымды айтсам Қыдырәлі Болмановқа шықтым, Майра Ілиясоваға шықтым, біраз адамға айттым енді. +00:08:46 Енді олар баланы көріп тұрып, жарайды біз сахнаға алып шығамыз деп ешкім айтпайды ғой. Қыдырәлі дайындалсын деді. Мен барып клиптерін көрсетіп, әндерін көрсетіп жатырмын. Олардың ойы басқа жақта.
Осы орайда Қыдырәлінің де пікірін білген едік. Бірақ Болманов, Қайраттың ұжымынан анасы айтқан ұсыныстың түспегенін түсіндіріп берді.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
- Жо-жоқ, ол таза өтірік! Маған Қайрат Нұртас келіп продюсер бол деген жоқ. Анасы да айтқан жоқ ондайды. +00:42:03 ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ұсыныс болғанда мен қарар едім. Міндетті түрде тыңдар едім.
Керісінше Қыдырәлі, кезінде Қайратты қолдауда қол қусырып қалмағанын ашып айтты.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
- Кезінде менің концертіме қатысып берші деген өтінішін орындадық. Осы жерде Қайрат Нұртастың концерті болған кезде арнайы келіп қатысып кеттік қолымыздан келгенше. +00:41:48 Одан кейін дуэт айтайық деген ұсыныстар болды. Ол енді қолымыздан келе қоймады. Уақытымыз болмады.
Қайраттың анасы тәжірибелі продюсерлерден үміт күткенімен, ұсыныстары нәтижесін бермеген. Соңында өздігімен еңбектеніп, жеке дара шыңдалудың жолын таңдайды.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Маған ненің азабы дедім. Әрқайсының артынан жүгіріп, баламды қараңызшы, көріңізші, таланты бар деп. Өзім ойладым да кірісіп кеттім. Бірақ оларды бәрі маған күш берді деп ойлаймын. Егерде сол кезде жеңіл-желпі шығара салғанда, ол кезде мұның қадірі болмас еді.