Қазақтың рок музыкасын паш етіп жүрген «Far In Gate» тобы жеке концертін өткізді. 4 жылдан кейін алғаш рет өнер көрсеткен ұжым, енді ән сапарға аттанбақ. Топтың алдағы жоспарлары туралы тілшіміз біліп көрді.
«Far In Gate» тобының жеке концерті дебьюттық альбомдарының құрметіне арналған. Осыдан бір ай бұрын жарық көрген «Із» әнжинағы, тыңдарманның көңілінен шықты деп отыр ұжым.
«Fare In Gate» тобы:
- Әр түрлі әрине бәріне бірдей жағу мүмкін емес, бірақ көбінесе жағымды пікірлер.*Жалпы жақсы енді бүгін концертте адамдарды интернет арқылы емес былай тірідей көріп, сол адамдардың көңіл-күйін реакцияларын көруге болады.
Қазақ рок музыкасын дамытып жүрген талантты жастар халыққа тегін өнер көрсеткен. Тіпті жас аралығына да шектеу қоймаған екен.
Жанкүйелеріне таптырмас мүмкіндік сыйлаған топ, енді өзге қалаларға ән сапармен аттануға дайындыққа кіріспек.
«Far In Gate» тобы:
- Қазір енді біз осы тұсаукесерді өткізгеннен кейін уф деп кішкене демалып, енді жаңа қарқынмен басқа жаңа материалдарды жазуға және Қазақстан бойынша турға дайындаламыз. Бәрі жақсы өтеді деген ойдамын.
«Far In Gate» Қазақстан мен ғана шектелмей, өзге мемлекеттерді де жаулап алуды көздейді. Рок ұжымға көрші елдерден ұсыныс та түскен екен.
«Fare In Gate» тобы:
- Меніңше Бішкекке міндетті түрде барамыз. Және алдында Ташкенттен ұсыныс түскен. Ол жерге де барсақ жақсы бола еді. Жалпы барынша және өзіміздің барлық мүмкіндіктерді қарастырып барынша шетелге шығуға тырысамыз.