Продюсер Алтынбек Рахметов, 50 жасында сүйіктісіне ұсыныс жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алтынбек Рахметов, елуден асқан шағында ел күтпеген қадамға барды. Ет-жақындары мен шоу-бизнес өкілдерінің ортасында мерейтойын атап өткен продюсер, ойда-жоқта ғашығына ұсыныс жасаған. Тосын-сыйдың соңы немен тынды? Серікқазы Аязбаев сөйлейді!

Күні кеше отандық шоу-бизнестің қаймақтарын жанына жиған Алтынбек Рахметов, елу жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Продюсердің жарты ғасырлық ғұмырындағы өмірден түйгені көп-ақ. Бірақ, соңынан ерген жастарға айтар жалғыз ғана кеңесі бар.

Алтынбек Рахметов, продюсер:

- Елуге келетіндерге айтқым келетіні: шіренбеңдер, кісі болмаңдар, адам болып жүре беріңдер!

Иә, Алтынбек үшін адамгершілік алғашқы орында. Бір басына бірнеше өнерді тоғыстырған мерейтой иесі – кәсіби журналист, білікті режиссер, танымал продюсер және де...

Азамат Сатыбалды, актер:

- Алтынбек – театрал! Менің премьераларымның ешқайсын жібермейді. Өзінің қандай жобасы болсын Серік болсын, Ардақ болсын, қолынан жетелеп, театрға әкеліп спектакль көрсетеді. Бұл деген өте жоғарғы деңгей деп білемін. Өйткені, көптеген продюсерлер оны жасамайды.

Жұлдызды бас қосуға келген қонақтардың Рахметовке деген жылы лебіздерімен қатар, күтпеген ұсыныстары да бар болып шықты. Мәселен, Мақпал Жүнісованың ақ тілек алаңындағы айтқаны, туған күн иесін шынымен тығырыққа тіреген тәрізді.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

- 70-ке келіп үйленіп жатқан жігіттерді білеміз. Сондықтан да болашағың алда Алтынбекжан! (күледі) Екіншісін аласың ба, үшіншісін аласың ба... (Алтынбек: Біреуін жеткізіп алайыншы) Никогда не говори, никогда! (күледі) Все может быть в жизни.

Тоқал алуға құлықсыздық танытқан Рахметов, дүйім жұрттың алдында романтик екенін аңғарты. Елуді еңсерген продюсердің отау құрғанына биыл 25 жыл толыпты.

Алтынбек Рахметов, продюсер:

- 90-шы жылдары сақина беріп, былай тұрып (тізерлеп), ұсыныс жасайтын кезең болған жоқ. 25 жыл өткеннен кейін, мен гауһартас қапталған сақина сатып алып, бір тіземді бүгіп әйеліме келесі 25 жылға менің әйелім боласың ба деген ұсыныс тастадым. Ол кісі маған «иә» деді. Мен қобылжыдым, жаңак ғана үйленіп жатқан жігіттей болдым. Бірақ арманымды орындадым!