Сүйіктісіне тізерлеп сезімін білдіретін жігіттерге Сәкен Майғазиев неге шүйлікті?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алайда, Рахметовтің романтикалық әрекетін әріптестері әр түрлі қабылдаған. Мәселен, ғашығының алдында иілген ер азаматтарды көрсе, Майғазиевтің төбе шашы тік тұрады. Бірақ Сәкен, елуді еңсерген Алтынбектің қылығына түсіністікпен қарағанымен, жас жігіттерді мұндай қадамға бармауға шақырды!

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

- Мен әкемнің анамның алдына тізерлеп отырғанын елестете алмаймын. Атамның анамның алдына тізерлеп отырғанын елестете алмаймын. Олар бір-бірін жақсы көрмеді емес. махаббат өртеп тұрды. Бірақ басқаша құрмет білдірді де.

Бірақ Сәкеннің соңынан ерген інілері, ағасы айтқан бұл пікірмен аса келісе қоймайтьын секілді.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Енді осы тізерлеп отырғанан кейін, өмірбақи тізерлеп отырып кетпесе болды ғой. Орнынан тұрып кетсе... (қатты күледі) Уақытында тұрып кетсе болды ғой. Оның барлығы енді сезімнің бір ұшқыны ғой. Ары қарай өмір бойы тізерлеп жүрмейді ғой!

Серік Ибрагимов, әнші:

- Сол тізерлегенің үшін «ойбай, чмо болып қалды» деген әңгімені мен түсінбеймін. Өзім істеп қойғанмын да. Жоқ, негізі шынымен де махаббат болып сыйлап тұрсаң, жасауға болады ғой кез-келген нәрсені. Қатты «подкоблук» болып кетпесең болды ғой!

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

- Қазіргі жастар, қыздар өкінішке орай оны түсіне бермейді. Болды менің алдыма тізерлеп отырды, құл ретінде көретіндер көбейіп кетті қазір. Матриархаттың орнауы – қазіргі заманның трагедиясы деп айтсам болады.

Бұл тақырыпты өзара талқыға салған танымалдарға Рахметовтің романтикалық ұсынысы ұнағандай. Алдағы уақытта аталған үрдісті эстрада өкілдері эстафетаға айналдырса, таң қалмаңыз!

Рүстем Нұржігіт, әнші:

- Кезінде осылай жасадық. Мен де осы ағамыздан үлгі алып, ертең болашақта Құдай қаласа, осындай бір ұсыныс жасасам ба деген ойым бар.