Отандық көрермендер өткен уик-эндтің үздігін анықтады. Кассалық табысымен өзге картиналарды шаң қаптырған – Шазам фильмі. Су жаңа суперқаһарман жайлы лентаны, «DC Comics» студиясы ұсынған еді.
Шытырманға толы фантастикалық комедия 274 млн қаржы жинаған. Фильмде 3000 жыл бұрын өмір сүрген сиқыршымен кездесетін, 14-жастағы Билли есімді балақайдың хикаясы баяндалады. Ол құдіретті «Шазам» сөзін айтып, батыр ержігітке айналу мүмкіндігіне ие болған.
Екінші орынға отбасылық фэнтези – «Дамбо» картинасы жайғасты.
Режиссер Тим Бёртонның тың туындысы, 28 млн-ға жуық пайдаға кенелді. Еске салсақ, бұл жоба сонау 1941 жылы жарық көрген мултьфильмнің ремейгі. «Дамбо» – ұша алатын кішкентай піл. Ерекше жаратылған жануардың қасиеті, сиқыршылардың басты қаруына айналмақ.
АҚШ пен Жапон елі бірігіп таспалаған «Біз» триллері үздік үштікті түйіндеп тұр. Қорқынышты фильм айналымдағы екінші аптада 27 млн-ді қоржынына салды. «Оскар» жүлдесінің иегері режиссер Джордан Пилдің кезекті еңбегі, Аделаида есімді қыздың отбасылық оқиғасын суреттейді. Басқа қалаға көшіп келген олар, дәл өздері сынды кейіпкерлермен жүздеседі.