«EQ» тобы Беларусь елінде бейнебаян таспалауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ» тобы Беларусь елінде! Кью-поп өкілдері кезекті бейнебаяндарын таспалау үшін, Минск қаласына аттаныпты. Ұжымның су жаңа клиптері ресейлік блогермен біріккен ортақ туынды болмақ. Түсірілім алаңындағы эксклюзив тілші материалында.

«EQ» тобы:

-Сәлем Сәлем сәлем, сіздермен бірге EQ! Окей, біз қазір Минск қаласындамыз, өзіміздің және Мери Сеннмен бірлескен жаңа бейнебаянымызды түсіріп жатырмыз!

«EQ» тобы уәде еткендей ресейлік Мери Сенн есімді блогермен ортақ жобаларын қолға алды. Жігіттер көптен күткен туындыны таспалау үшін бірнеше ай дайындалған еді.

«EQ» тобы:

-Негізінде біздің бейнебаянымыз Мәскеу қаласында, Ресей елінде болатын. Түсірілуі керек болатын. Ал бізде көптеген өзгерістер болып, біз Беларуссия еліне Минск қаласына келіп Мери Сеннмен бірлескен жаңа бейнебаянымызды түсіріп жатырмыз!

«EQ»-лік жігіттердің дәл осы жұмысы Меридің ұсынысы болған екен. Блогерлықпен айналысатын әнші, әрі актриса отандастарымыздың өнеріне тәнті болған көрінеді. Бикеш тіпті кью-поп өкілдерін құшақ жая қарсы алыпты.

«EQ» тобы:

- Керемет жеттік бәрі тамаша бізді жақсы қарсы алды. Сіздер көрмей тұрсыздар. Бірақ мына жақта өте керемет керемет локациялар бар алдағы уақытта бейнебаяннан көресіздер.

Дәл осы сапар барысында «EQ» тобы мол тәжірибе жинағандарына сенімді. Талантты өнерпаздар осындай мүмкіндікті пайланып шетелдік тыңдармандардың көңілінен шықпақ.

«EQ» тобы:

- Біздің жоспарымыз бойынша бәрі жақсы келе жатыр, коллабрация Мери Сеннмен клип, бейнебаян сюжетный. Яғни әр түрлі қойылымдар бар. Әр түрлі әрекеттер бар.

«EQ» тобы тың туындының толық сюжетін әзірге құпия ұстауда. Алайда жігіттер «B.I.B»-ліктерді ұзақ күттірмеуге уәде берді. Себебі, су жаңа клип, сәуір айының 26-шы жұлдызында жарық көреді.