Меган Маркл мен Гарри ханзада болса, тұңғыштарының дүниеге келуіне үлкен ыждаһаттылықпен дайындалуда! Патшалық әулет қуанышты сәтке байланысты, басқа үйге көшкен еді. Ал, су жаңа баспананың дизайнын Виктория Бекхэмнің өзі қолға алмақ!
Танымал жұптың патшалық әулеттен еншісін алып, бөлек кетуін халық түрліше топшылауда. Бірі, қос абысын – Меган мен Кэйттің басы бір шаңырақ астына сыйыспады десе, қалғандары жаңа орынға қоныс аударуды сәбидің дүниеге келуімен байланыстырды. Десе де, тұңғышын күткен Маркл мен Гарри түрлі қауесетке қарамасан бақытты көрінеді.
Отбасының кеңейе түсуіне орай, жаңа қонысқа көшкен қос ғашық енді Лондонның шетіндегі, Фрогмор-хаустың тұрғыны атанбақ. Патшалық отбасы, үйлерінің интерьер дизайнын Виктория Бекхэмге тапсырса, ауланы абаттандыруды өз қолдарына алған.
Патшалық әулеттің мәлімдеуінше, жағымды жаңалықты сүйіншілейтін күннің ауылы алыс емес. Меган Маркл сәуір айының соңында ана атануы тиіс. Айтулы күн жақындаған сайын, халықтың отбасыға деген қызығушылығы еселенбесе, азаяр емес.
Лаура Хилз, «ОК!» журналының редакторы:
-Меніңше, Меган Маркл мен оның отбасына қатысты халықтың қызығушылығы орынды. Себебі, қарапайым актрисаның ханшайым атану хикаясы бәріне де ұнайды.