Меган Маркл жақында тұңғышын бауырына басса, Айнұр Ілясова екінші мәрте ана атануда. Бірер күн бұрын қызды болған актриса, дәл бүгін перзентханадан шықты. Ал, Айнұрдың декреттік демалысы қанша уақытқа созылмақ?
Айнұр Ілясова мен ханшайымының денсаулығы жақсы. Жаңа туған сәбидің салмағы - 2 киллограм 600 грамм, ал бойы 49 сантиметр. Бөбектің есімін актрисаның жақындары – Рәбиға деп қойыпты. Ілясованың өзі болса бұл қызды қатты күткенін жасырмайды.
Айнұр Ілясова, актриса:
-Алғашында мен Дарияға аяғым ауыр болған кезде ұлды күттім. Кейін қыз болғанын білгеннен кейін өте қатты жаңағы қуандым. Ал бірақ Рәбияны қыз болса екен деп өзім армандадым. Екеуі апалы-сіңілі болып екеуі ертең құрбы болып, өте бір жақын болса деген арманым болды.
Айнұр Ілясова күні кеше бауыр еті баласын қолға алса да, шығармашылық өнер адамын ұзақ күтпейді деп отыр. Талантты актриса мүмкіндік болса жұмысына кірісіп кетуге әзір.
Айнұр Ілясова, актриса:
-Әрине бірінші орында отбасы, дегенмен жақсы жақсы жобалар болса неге бармасқа, неге көрмеске.*Қойылған талап жоқ, өйткені менің одан басқа жаңағы хоббилерім бар. Одан басқа жұмыстарым бар деген сияқты.
Айнұрдың маңызды жобалары жетерлік. Жұлдыз жақында өтетін «Бөпе Fair» фестивальіне қызу дайындалуда. Ілясова сонымен қатар мінсіз мүсінін де ұмыт қалдырмайды. Спортқа жаны құмар актриса, уақыты келгенде жаттығуларды да қолға аламын дейді.
Айнұр Ілясова, актриса:
-Енді өзім былайша айтқанда спортқа жақын адаммын. Жүкті болған кезімде жүзумен айналыстым. Йогаға бардым, тренировкамды өткізбей жүрдім. Және де енді міндетті түрде уақыты келген кезде. Дене өзі сезеді оны қашан бару керек спортқа. Сол кезде өзім барамын.