Анджелина Джоли сүйіктісін кездестірді

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли болса, жеке өмірін қолға алған көрінеді. Танымал актриса жаңа ғашығын кездестіріпті. Алайда, голливуд жұлдызының таңдауы, экс-жұбайы Брэд Питтке жақпай қалған. Джолидің жүрегін жаулаған кім болды екен?

Анджелина Джоли экс-күйеуі Брэд Питтпен ресми түрде ажыраспаса да, жеке өмірін қолға алуда. Инсайдерлердің айтуынша актриса соңғы кездері Колин Фаррелмен көңіл қосып жүр. Энджидің танымал актермен қарым-қатынас орнатуына, Брэд қарсылық білдірген. Питтің мұндай пікіріне, Колиинің маскүнемдікке жақын әдеті себеп болып отыр екен.

Селена Гомес «инстаграм патшайымы» атанды. Фоллеверлерін жаңа суретімен қуантқан әнші қыз, бірден 10 млн лайк жинаған. Осылайша Селена өз рекордын жаңартты. Жанкүйерлердің мұндай белсенділігі, өнерпаздың жуырда жарық көретін альбомына деген қызығушылығы болса керек. Себебі Гомес кезекті үнтаспасын осылайша жарнамалаған болатын.

Джордин Вудс құрбысы Кайли Дженнердің кешірімін ала алмай әлек. Бикеш Хлои Кардашьянның сүйіктісімен көңіл қосып, Дженнердің ашуына тиген еді. Кайли тіпті бала күнінен бірге өскен жақын досымен араласпаймын деген шешім қабылдаған. Енді Джордин, Кардашьян әулетімен қайта табысу үшін барын салуға дайын екенін жеткізді.