Ресейлік «Голос. Дети» шоуында отандасымыз - Ержан Максим финалға сүрінбей өтті. 11 жастағы өнерпазды Валерий Меладзенің өзі таңдап алған еді. Талантты балақайдың музыка бәйгесіндегі қызықты сәттері жайлы экслюзивті сюжетте.
Ержан Максим «Голос. Дети» шоуының алтыншы маусымына қатысып, ресейлік жұлдыздарды талантымен тәнті етті. 11 жастағы өнерпаз жартылай финалда Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" туындысын орындап, Валерий Меладзенің командасына таңдалды.
Үш бірдей таланттың ішінен ақтық сынға жолдама алу, Ержанды жеңіске бір қадам жақындата түскені анық.
Ержан Максим, әнші:
-Мен Валерий Мелаздзенің маған алтыным деп айтты ия, бірақ мен оның арғы жағында «кел қасыма айналайын» деп айтты. Бірақ ол сөзі телевизорда естілмей қалған, Бірақ мен кәдімгі Валерий ағамның қасында тұрғанда маған бәрі естілді.
Бала күнінен музыкамен айналысатын Ержан, Орал қаласының тумасы. Әнші бала «Голос. Дети» шоуына дейін, 2017 жылы Италия қаласында өткен «San-Remo junior» жобасында финалға шықты. Сонымен қатар ол «Славян базары» халықаралық конкурсында екінші орынды иеленген. Бұл тек бастамасы деген Ержан, әлі талай белестерді бағындыратынына сенімді.
Ержан Максим, әнші:
-Мен өскенде жоспарым осы голос детида жеңіп, және де үлкен әлемдік Димаш ағам сияқты әнші болу және де қалай айтсам екен өз елімді әлемге танытқым келеді.
Димаш сынды әлемге танылуды мақсат тұтқан Ержан Максим, бүгінде «Голос. Дети»-дегі финалға дайындық үстінде. Өнерпаз дәл осы жобаның өміріне қатты әсер еткенін айтады.
Ержан Максим, әнші:
-Финалға шыққаннан бері ия маған көп адамдар құттықтады жәнеде инстаграм парақшамдағы подписчиктарым көбейді. Және де мені көптеген жұлдыздар салып жатыр. Ерден ағам, Сәкен ағам салып жатыр. Оларға барлықтарына көп көп рахметімді айтамын.