Қарақат Әбілдина, асыраушысынан айырылған алты баланың анасына қомақты қаржы табыстады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр қадамы әлеуметтік желідегілердің сынына жиі ілігетін Қарақат, бұл жолы жарады. Әншінің биылғы туған күні қымбат мейрамханада емес, қайырымдылық концертте өтті. Ал кештен түскен қаржыны алты баланың анасына ұсынған.

Әдетте Болманов пен Әбілдинаның ән кеші коммерциялық жобаға бағытталатын еді. Осы жолы игі шараның шеңберінде ұйымдастырылған. Қарақат 41 жасқа толған күні, халыққа қайырымдылық концерт берді.

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Туған күнімді дәл осылай қайырымды іс-шара атқарып жатып тойлау, көпшілікпен тойлау...мен соны көргім келді. Соны тіледім, қаладым. Мақсаты қылып қойдық, осыдан бір жарым ай бұрын...

Алға қойған мақсаты айқын болса, алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Екі концертті қатар ұсынған Қыдырәлі мен Қарақат, кештен түскен қаржыны асыраушысынан айырылған алты баланың анасына табыстауды құп көрді.

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Қырық жастағы, алтыншы сәбиін босынып, сол қуанышқа жетпей қалған екен жолдасы. Жүрегі тоқтап қайтыс болады. Сөйтіп қырық жастағы алты баланың анасында баспана жоқ, жағдайы жоқ. Сол бір ғана отағасының күнделікті ішіп-жемінен де айырылып қалады.

Қарақат, көп балалы жанұяға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырған екі бірдей концерттің қаржысын, Әсел есімді анаға сахнада өзі ұсынды.

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Тағдырдың талайын көрген ананы қуантқым келді. Мені жасы шамалас. Сондықтан бір ана бүгін еңсесі көтеріліп, қуанып қайтса –

менің мақсатымның орындалғаны.

Қыдырәлі мен Қарақаттың қайырымдылыққа деген қадамдары мұнымен шектелмек емес. Болмановтың ендігі жоспары – игі шара аясында қор ашып, халыққа қуаныш сыйлау!

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-«Ана мен бала» қорын ашып, жылына шамамыз келген қалаларға барып, әкімшілікпен біріге отырып осындай қайырымдылық концерттерін өткізіп, әр қалада ең мұқтаж көп балалы ананың біреуіне көмектесіп, 12 ай бүкіл қалаларды аралап өтсек деген жоспар бар!