Талай тыңдарманның жүрегін жаулаған музыкант Джастин Бибердің, бүгінде шығармашылыққа мүлде зауқы жоқ. Әнші тіпті табынушыларымен қош айтысып, сахнадан кететінін мәлімдеді. Бұл шешімінің себебі қандай?
«25 жасқа келіп, бақытсыз екенімді түсіндім. Мен тіпті тыңдармандарыма соңғы ән кешімде бақыт сыйлай алмадым, себебі менің жан дүнием жабырқаулы, сондықтан өз-өзіме келуім қажет!»
Дәл осындай жазба қалдырып табынушыларынан қолдау күткен Бибер, отбасылық өмірге шыңдап кіріспек. Музыкант тіпті сөз соңында, жақында әке атануға дайындалып жүргенін жеткізді.
Николас Кейдж жеке өмірін қайта қолға алды. 55 жастағы актер төртінші мәрте шаңырақ көтермек. Серінің жүрегін жаулаған – 23-ке енді толған стилист Эрика Койке есімді ару. Бикеш Николаспен жарты жыл бұрын «Тұзақ» фильмінің түсірілім алаңында табысқан екен. Бірден жұбы жарасқан қос ғашық, үйлену тойының дайындығына кірісіп кеткен.
Карди Би өз өмірін қағаз бетіне түсірмек. Атышулы рэпер қыз биографиялық туынды жазуды қолға алды. Ол бұл кітапта шығармашылық жолы мен басынан өткен қиындықтарын бүкпесіз баяндамақ. Мысалы, Карди Би әнші атанбай тұрып, түнгі ойын-сауық орталықтарында биші қызметін атқарған.