Жуырда ғана жарық көрген «Неверлендтен кеткенде» фильмі, бірден дауға ұласқан еді. Картинада – бақилық болған поп-патшасы Майкл Джексонның, «балаларға көрсеткен зорлығы» бүкпесіз баяндалады. Атышулы лентадан кейін, өнер иесін Аргентина тұрғындары қолдап отыр.
Атышулы картинадағы зорлық көрдім деген қос азаматтың сөздерін, Буэнос-Айрес тұрғындары жоққа шығаруда. Поп-патшасы мұндай сорақылықты жасады дегенге сенгісі келмеген жанкүйерлері, наразылығын ашық шеру арқылы да білдірген.
Матиас Соса, Буэнос-Айрес тұрғыны:
-Соңғы жағдайлар мені қатты қынжылтады. Болмайтын фильмнің кесірінен, Майклдың бізге қалдырған мұрасын аяққа таптауға жол бермеуіміз керек!
Джессика Симпсон үшінші мәрте ана атанды. Қызды болғанын әнші өзінің инстаграм парақшасына жариялаған еді. Бёрди Мэй Джонсон есімін еншілеген сәбидің салмағы 4,5 келі. Джекссика кезекті жүктілігін күйеуі Эрик Джонсонның қалауымен, ұзақ уақыт құпия ұстауды жөн көрген екен. Жұлдызды жұпты бұл қуанышымен – Эшли Симпсон, Пэрис Хилтон сынды танымалдар бірінші болып құттықтады.