Қазақша фильмдерді көрейік

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі де сан-алуан кейіпкерлерімен ерекше. Күні кеше жарық көрген тарихи туынды, екі тілде ұсынылып отыр. Себебі, жас актер Асылхан Төлеповтың айтуынша, қазақ тілді картиналарға – көрерменнің сұранысы әлі де аз.

«Қазақ хандығы. Алтын Тақ» картинасына режиссерлық еткен – Рүстем Әбдірашев. Талай туындыларды таспалаған киногер, бұл тарихи картинасын орыс тілінде де арнайы дыбыстаған екен.

Рүстем Әбдірашев, режиссер:

-Шын мәнісінде қәзір қазақ киносы мына комедиялардан бөлек, мына тарихи кинолар да өз орнын дұрыстап, мына көрерменнің көңілін баулап, өзінің орнын алып келе жатыр.

Рүстем Әбдірашевтың толықмертлі еңбегі – қазақ хандығының шежіресінен сыр шертеді. Режиссер аталмыш фильмінің алғашқы бөлімі де көптің көңілінен шыққанына сенімді.

Рүстем Әбдірашев, режиссер:

-Біз мына бірінші сериясында, «Алмас қылыштың» күтпеген жерден мына Петропавл, Солтүстік Қазақстан жақтағы көп кинотеатрларда, қазақы қауым келіп, қазақша версиясын кәдімгідей заңды түрде талап етіп, сол киноларды қойғызып кинотеатрларға біраз адамдар, қазақ тілді жобаға келді.

Отандық киноның беткеұстар өкілі Ақан Сатаевтың пікірінше, фильмдерді өзге тілде дыбыстау көп қаражатты талап етеді.

Ақан Сатаев, режиссер:

-Қазіргі таңда фильмді дыбыстаудың да өзі арзан дүние емес. Себебі, лента өз-өзін ақтап алуы тиіс. Дегенмен, бүгінгі таңда «Диснейлік» мульфильмдердің, қазақша нұсқасына сұраныс көп түсіп жатады.

Жас актер Асылхан Төлепов болса ел нарығына кіретін шетелдік фильмдерді, қазақ тілінде аударуды міндеттеу керек деген ұстанымда.

Асылхан Төлепов, актер:

-Негізінен бұл өте жақсы нәрсе. Бұны баяғыдан жасау керек еді. Өйткені бізде осындай қалыптасып кеткен кинотеатрларда, қазақша фильм болса көрмейді деген білмеймін, сондай бір стереотип қалыптасып кеткен да, негізі оны алып тастау керек деп ойлаймын!