«Ұлыстың ұлы күні» қарсаңында үй бетін көрмейтін әртістер қауымы, өз шаңырағында «наурыз көже» әзірлеп үлгере ме? Өйткені, өнерпаз біткеннің бәрі, әдетте бұл күнді халықтың ортасында мерекелейді. Бірақ етіміз үйренген стеротипті Роза Рымбаеваның отбасы бұзды.
Рымбаеваның репертуарындағы бұл әнсіз, ұлыстың ұлы күні тойланбайды. Сондықтан, Роза Қуанышқызы жыл сайын наурыздың 22-сін халықтың ортасында өткізеді. Бірақ, әншінің қос ұлы анасы демдеген «көжеден» міндетті түрде дәм татады.
Әли Оқапов, әнші:
-Бір күн қалғанда немесе екі күнге дейін, міндетті түрде наурыз көже үйімізде болады. Анам маған қоңырау шалады. Үйге соғып кет деп.
Әлидің айтуынша, халық әртісінің қолынан келмейтін тағамы жоқ. Розаның дастарханынан дәм татқандар, үйлеріне тамсанып тарқасатын көрінеді.
Әли Оқапов, әнші:
-Тіпті әріптестерінің бәрі біледі оны. Розаның «бешбармағы» бір бөлек, Розаның «наурыз көжесін» ішейік пе дегендей. Тіпті ол өзінің оқушыларында шақыратын. Бүкіл оқушыларын наурыз көжемен тамақтандыратын.
Әртістер жайлы қалыптасқан жаңсақ пікірге қатысты Лидия Кәденованың ұлы да ойын айтты. Дидардың жұлдызды анасы да, «наурыз көже» әзірлеуде алдына жан салмайтын секілді.
Дидар Кәден, әнші:
-Мідетті түрде жеті түрлі тағам салынып, анам наурыз көже пісіреді. Міндетті түрде көршілерге таратылады. Одан кейін біз барамыз, туысқандарды аралап дегендей. Сондықтан ондай стеротип дұрыс емес. Бұл жерде жұмыс емес, біздің қазақилық да.
Шоу-бизнестегі жігіттердің жанұясында да, «наурыз көже» құндылығын жойған жоқ. Олардың отбасында «ұлттық тағам» дайындалған күні, жақындарының басы қосылып, арқа-жарқа болатыны бар.
«Melo’Men» тобы:
-Жігіттердің барлығын үйге шақырып, наурыз көже бермекпін. Яғни, үйімізде.
Cерік Ибрагимов, әнші:
-Міндетті түрде наурыз көже ішеміз!