Игорь Крутой мен Димаштың тандемі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш ұлыстың ұлы күнінде, Ресейлік тыңдармандарын талантымен тәнті қылуды көздеп отыр. Бұл жолы Құдайбергеннің Мәскеу төріндегі кешіне Игорь Крутойдың өзі қолдау көрсетпек. Әйгілі музыкант пен қазақ баласының шығармашылық тандемі, тосын-сыйларға толы болатын секілді.

Крутойдың кең тараған әндері Димаштың репертуарынан да ойып тұрып орын алды. Енді ресейлік музыкант пен қазақ вокалисінің шығармашылық байланысы көлемді концертке ұласпақ. Ал, кезінде Игорьмен қызметтес болған Ринат Гайсин, онымен әрдайым тәжірибе алмасуға тырысады екен.

Ринат Гайсин, композитор:

- Игорь Крутойдың өзінің жеке студиясы бар Мәскеуде. Мен Мәскеуге барған кезде, әрдайым сол студияға барып тұрамын.

Құдайбергеннің әлемдік турнесінде, ұлттық нақыштағы концерттік номерлерге зор үлесін қосқан Майра Ілиясова, Крутоймен тығыз қарым-қатынас орнатқан Димашқа дән риза!

Майра Ілиясова, әнші:

-Қазір Крутой мырза қасына алып, өте тамаша қолдау көрсетіп жатыр. Сол жерге шығып, анандай үлкен кісілердің алдында керемет сөз айтуы, сөз саптасының өзі керемет.

Игорь қазақ баласына ерекше ілтипат көрсетсе, Құдайбергеннің де Крутойға деген құрметі ерекше. Ал, әйгілі композитордың әндерін орындау мәртебесі, көпке бұйырмас бақ деп біледі, отандық музыка майталмандары.

Ринат Гайсин, композитор:

-Игорьдің бір айырмашылығы, ерекшелігі әр әнін бір соңғы әні сияқты қылып жазады. Өте бір сезімтал адам. Әр әнге деген өзінің махаббаты бар. А. Пугачева орындайды ма, Лара Фабиан, Димаш орындайды ма, әр әні бөлектеу болады. Бір әнді төрт әнші орындаса да, төрт нұсқасы да өзінің фишкасы, жолы бар!

Майра Ілиясова, әнші:

-Жалпы, Крутой өзі – ауқымы кең композитор. Оның әндерін әншілер іздеп жүріп, сұрап жүріп алады. Қолдарына тимейтін кез болады. Ал Димаштың талантын бағалаған ол да бір ерекше азамат.

Аты әлемге кең жайылып келе жатқан Димаштың өнердегі іні-қарындастары, феномен әншінің талантына әрдайым тәнті.

C.C.Tay, әнші:

-Димаш аға біздің ең үлгі тұтарлық, ең танымал, ең сапалы әншілердің бірі.