Жаңаша «Том мен Джерри»!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кішкентай көрермендерге арналған су жаңа «Том мен Джерри» туындысы ұсынылмақ. Әйгілі мысық пен тышқанның хикаясы енді толықмертлі жобаға айналды. «Warner Bros Pictures» студиясы қайта жаңғыртқан мультфильмның релизі де жарияланған еді.

«Том мен Джерри» – қысқа метрлі бөлімдерден тұратын анимациялық туынды. Алғаш 1940 жылы жарық көрген мультфильм үлкен экрандарға тек 1992-де ұсынылған еді. Бірден көрермен көңілінен шыққан лента, түрлі нұсқамен әлемге таралды.

Мысық Том мен тышқан Джерридің хикаясы енді заманауи бағытта таспаланбақ. «Warner Bros» студиясы қолға алған картинада – тірі актерлар мен анимациялық кейіпкерлер тоғыстырылған. Лентаға әзірге, актрисалар Зои Дойч пен Оливия Кук бекітіліпті. Түсірілім жұмыстары жуырда басталатын тың туындының режисерлық тізгіні – Тим Сториге бұйырған. Киногер «Фантастикалық төрттік» лентасымен танылған еді. Жаңа «Том мен Джерри» 2021 жылдың 16-шы сәуірінде ұсынылады.

Әйгілі «Сезам көшесі» қуыршақ шоуы да толықмертлі фильмге айналды. Режиссер Джонатан Крисел, бұл туындыны мюзикл жанрында таспалайды. Сценарийі бүгінде құпия сақталып отырған сиквелді, 2021 жылдың қаңтар айында шығару жоспарлануда.