Әсел Сәдуақасова болса «Кино по понятиям» картинасымен, тағы бір мәрте «ең табысты продюсер» атануға құлықты! Тұсаукесер алдында ерекше форматта кездесу ұйымдастырған ол, неліктен жас актерлермен жұмыс істегісі келмейтінін айтты.
«Кино по понятиям» картинасының түсірілім тобы журналистер қауымымен түскі ас үстінде жүздесті. Туындының авторлары болашақ картина жайын, бейресми жағдайда талқыға салуды жөн санаған.
Ерекше кездесу барысында фильмге қатысты түрлі құпиялар ашылды. Мәселен, продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова лентада өз ғашығын кездестіреді. Арудың жүрегін жаулаған – Асқар Бисембин.
Әсел Сәдуақасова, актриса:
-Фильмде бір көргеннен бір-бірімізге ғашық боламыз. Асқарға бәрекелді дер едім. Себебі, өзіне сенімсіз болғанына қарамастан, рөлін ойдағыдай алып шықты.
Режиссерлық тізгінді басқаға тапсырып, актер ретінде алғаш рет бағын сынаған Асқар қатты қобалжығанын жасармайды. Алайда, қырық жасқа дейін киноға түсуім керек деп, өзіне мақсат қойған ол, кері шегіне алмаған.
Асқар Бисембин, режиссер, сценарист:
-Кинода ең қиыны – өз кезегін күту дейтін еді актерлар. Осыдан кейін, мен оларды жақсы түсінетін болдым. Жалпы, камераның арғы жағында болу оңай емес екен.
Сондай-ақ, киногерлер ұжымы, неліктен жас актерлармен жұмыс істеуге құлықсыз екенін де түсіндіре кетті.
Асқар Бисембин, режиссер, сценарист:
– Тек кәсіпқойлармен жұмыс істегенді жөн көреміз. Олар мәтінді тез жаттап, түсірілімді оңай қылады. Ал, жастармен жұмыс істесең, сөздерін ұмытып, шатасып, бәрімізге қиналуға тура келеді.
Алайда, «Кино по понятям» лентасында жаңа есімдер де жоқ емес. Мәселен, көрермен – Фархат Кұлбаев, Жақан Отарғалиевтің өнерімен танысса, Олжас Жанабеков пен Мейіржан Төребаев қарақшы кейпіндегі образдарымен көпті таңқалдыра түспек.