Қазақтың рок музыкасын дамытып жүрген Far In Gate тобы, бүгін алғашқы үнтаспаларын жарыққа шығарды. 6 жылдан бері тынбай еңбек етіп келе жатқан талантты жастар туралы, тілшіміз баяндайды.
«Far In Gate» – талантты төрт музыканттан құралған алматылық рок ұжым. 2013 жылы жасақталған топ, бүгінде ТМД елдеріне танымал. Инди музыканы дәріптеп жүрген өнерпаздар, кәсібилікті ұзақ уақыт шыңдадық дейді.
«Fare In Gate» тобы:
-Біз басында келген кезде, деңгейіміз өте төмен болды. Мысалы мен топқа келген кезде мен бас гитаристпін, мен бас гитарада ойнамайтын едім. Басынан бастап үйрендім, Ильяс та дәл солай. Бәрімізді алға жетелейтін тек арман болды.
Музыкаға деген сүйіспеншіліктің арқасында, тынбай тер төккен жастардың бүгінде тыңдармандары да жеткілікті. Ауқымды аудиториясы бар «Far In Gate», танылу жолында біраз қиындық көрген екен.
«Fare In Gate» тобы:
-«Fare In Gate» деген топты біледі, бірақ топтың ішінде бұл кім, әнді кім айтады. Жалпы бет-әлептімізді аса білмей жатады. Бірақ музыкамызды көбінесе бәрі танып жатады. Бұл жерде мәселе адамдар, жалпы қазақша рок музыканың қазір бар екенін көбі білмейді.
«Far In Gate» тобы соңғы екі жылды дебьюттық альбом жазуға арнапты. Әзірге үш бейнебаян таспалап үлгерген өнерпаздар, енді тыңдармандарына 13 тректен тұратын «Із» әнжинағын тарту етті.
«Fare In Gate» тобы:
-Жалпы қазақ музыкасында, жалпы музыкада осы альбомызы арқылы, біз ізімізді қалдырғымыз келді. Және де жалпы бұл альбом, біздің өмірімізде бізге әсер еткен, бізге көмектескен барынша өз ізін қалдырған адамдардың нәтижесі осы.
Рок музыканың түрлі бағытын тоғыстыра білген «Far In Gate», жуырда жеке концертін өткізбек. Ұжым қазақ музыкасын әлемге танытуды да көздеп отыр.