Меган Марклдің сан-алуан стилі көпке шабыт сыйлағаны анық. Енді тіпті рэпер Дрейк, дизайнерлік қырынан танылмақ. Сері өзінің жеке киім үлгілерін жарыққа шығарды. Сән әлеміне қадам басқан музыканттың тың топтамасы қандай болмақ?
Дрейктің су жаңа коллекциясы – спорттық киімдерден құралған. Музыкант күнделікті өмірде киюге арналған образдарды - «Assassination Vacation» тіркесімен жасап шығаруда. Рэпер бұл жеңіл кеудешелерді еуропаға жоспарланған ән-сапарының аясында 45 доллардан бастап саудаламақ. Ол жуырда Париж, Берлин қалаларынан бастау алатын турнесіне аттанады.
The Weeknd пен Белла Хадидтің қарым-қатынасы көпшілікті тәнті етті. Музыкант, сүйіктісін анасымен таныстырған сәтін, табынушыларымен бөліскен. Бүгінде Манхэттенде бір шаңырақ астында тұратын сәнбике мен әнші жігіт, бірнеше мәрте айрылысқандарына қарамастан, қайта табысқан еді. Ал жұлдызды жұптың фанаттары, ұлан-асыр тойды тағатсыздана тосуда.
Бритни Спирс өз репертуарындағы әндерін театрға сыйлады. Өнерпаздың 23 трегі «Диснейлік» ханшайымдар жайлы спектакльде шырқалатын болады. «Once Upon a One More Time» атты мюзиклде – «Ақшақар, Күлбике және Рапунцель» сынды кейіпкерлер тоғыстырылған. Бритнидің туындыларын, ертегі жұлдыздары 13-ші қарашада Чикаго қаласында орындамақ.
Леди Гага, өзін Бредли Куперге ғашық деп топшалаған жандарға жауап берді. Тіпті талантты актрисаның «Жұлдыз дүниеге келді» картинасынан кейін, Бредлиден аяғы ауыр деген қауесет тараған еді. Ал әнші талайдың қызығушылығын оятқан сұраққа орай, твиттер парақшасында арнайы жазба жариялады. Бикеш жақында алтыншы үнтаспасын дүниеге әкелуге даяр екендігін айтып қалжыңдаған.