Тұңғышын күтіп жүрген Меган Марклдың болашақ сәбиі де, анасының қасынан бір елі қалмас. Патша әулетінде жаңа қызметке тағайындалған Маркл бикештің бүгінде, әрбір образы қызу талқыға түсіп жүр. Гарри ханзаданың жұбайының киіну стилі жайлы дизайнер Майкл Талбойс ойын ашып айтқан еді.
«People» журналының пайымымен Меган Маркл – 2018 жылдың «ең стилді әйелі» атанған еді. Патша әулетіне келін болып түскен сәттен бастап, экс-актриса гардеробын түбегейлі жаңартқан.
Меган Марклдың стилі ақсүйектер жанұясының дизайнері Майкл Талбойстың тікелей қадағалауында. Ол 1970 жылдан бері ағылшын билеушілерінің киім жөніндегі кеңесшісі.
Майкл Талбойс, дизайнер:
- Меган, көп қателік жібереді. Ол барлық мерекеге қара түсті киім киюге құштар. Сен патша әулетінің келіні болған соң, көпшіліктен өзгешеленуің қажет. Меганды ашық реңктегі киімдерге үйрете алмай қойдық.
Майклдың айтуынша, Меганның әрбір образы, нағыз жарнамаға айналады. Ханшайымның Dior, Ralph Lauren, Carolina Herrera сынды әйгілі сән үйлерінің көйлектеріне таңдау түсіруі, дизайнерлер үшін таптырмас мүмкіндік.
Майкл Талбойс, дизайнер:
- Меганның танымалдылығының арқасында, әрбір дизайнердің әлемге танылуына жол ашық. Меган Англияның сәнгерлеріне жәрдемдесуге міндетті деп ойламын.
Меган Марклдың образдарына жылына 700 мың АҚШ доллары жұмсалады екен. Себебі сәнді гардероб – патша әулетінің имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.