Ат үстіндегі Антонио Бандерос!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алпысқа таяған Антонио Бандерос, жас киногерлерге дес бермек емес! Майталмен актер Мадридте Пенелопа Крузбен бірге, су жаңа картинасының тұсауын кесті!

«Даңқ пен дерт» – испандық киногер Пе́дро Альмодо́вардың, үш жылдық үзілістен кейінгі алғашқы туындысы. Көптен бері көзге түспеген режиссер, тұсаукесердің құрметіне жайылған кілемге, картинаның бас кейіпкерлері – Антонио Бандерос пен Пенелопа Крузды ерте шықты.

Испанияның ең үздік актрисасы саналатын Пенелопа Круз, камера алдында жұлдыздай жарқырады. Күні кеше Chanel-дің сән сахнасынан табылған ол, айтулы шараға да көйлегінен бастап, аяқкиіміне дейін аталмыш брендттен таңдаған.

Әйгілі қос киногердің басын қосқан су жаңа туынды, Дейлор есімді режиссердың өмірінен сыр шертеді. Қартайған шағында, ұмыт қалған өнер иесі түрлі күйзеліске ұшырайды. Қауқарсыз сәтінде өзі кезінде ғашық болған жандарды кезіктіріп, бұлыңғыр болашағы үшін алаңдауы тіпті күшейе түспек.

Ел назарынан тыс, тасада қалған өнер өкілінің қандай күй кешетінін көрсетуге тырысқан лента, 22-наурыздан бастап үлкен экрандарға жол тартады.